Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дастан Оразбеков: Отандық әртіс үшін тыңдарман 50 мың теңге төлеуге дайын емес

Опубликовано:

Дастан Оразбеков әнші
Дастан Оразбеков. Фото: Динара Сәтжанның бағдарламасы

Жақында жеке кешін өткізген отандық әнші Дастан Оразбеков ең қымбат билетінің құны 17 мың теңге болғанын айтты. Динара Сәтжанға сұхбат берген әнші жергілікті әртіс үшін көпшілік көп қаражат төлеуге дайын еместігін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Өкінішке қарай, отандық әртіс үшін адамдар бір орынға 50 мың теңге төлеуге дайын емес. Менде (концерт билеттері - ред.) бес мың теңгеден басталып, ең қымбаты - 17 мың теңге болды. Ал Лободада (Светлана Лобода ресейлік әнші - ред.) 15 мың теңгеден басталып, 50 мың теңгеге дейін шығар.

Әрине, оның табысы да басқа болады. Ол ештеңе ұйымдастырмайды. "Менде осындай бағдарлама бар, бағасы осы" дейді. Жергілікті ұйымдастырушылар оның командасына гонорар төлейді. Бұл жерде баға саясаты бар.

Лобода (Светлана Лобода ресейлік әнші - ред.) үшін адамдар 50 мың теңге төлеуге дайын. Ал мен үшін - жоқ. Мен үшін 17 мың теңге төлеуге дайын. Адамдар жергілікті әртіс үшін төлеуге дайын емес. Ал шетелдік әртіс 200 мың теңгеге билет сатса да, келетін адам табылады", - деді Дастан Оразбеков.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012221-dastan-orazbekov-otandyq-artis-usin-adamdar-50-myn-tenge-toleuge-daiyn-emes/

pixel