Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңа Раим": Ерке Есмаханға үйленген Раим енді әнінің барлығы жұбайына арналатынын айтты (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Раим
Ерке Есмахан мен Раим. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

Жақында Ерке Есмаханға үйленген отандық әнші Райымбек Бақтыгереев отау құрғалы алғаш рет сұхбат берді. Өнер иесі әнінің барлығы әйеліне арналатынын айтты, деп жазады "Хабар" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның әр түкпірінде ән кешін өткізіп жүрген Раим концертінің ерекшелігін айтты.

"Айырмашылығы жаңа Раим, жаңа әндер шығар. Бұрынғы емес, отбасылы Раим. Жаңа әндерім сол бір адамға арналады - жұбайыма. Әр жылда бір альбом жазып тұру жоспарымызда бар", - деді Раим.

Айта кетейік, осыған дейін Раим Еркемен бірге сахнаға шықпайтынын айтқан болатын.

"Еркемен бірге сахнаға шықпаймыз. Себебі оның өз әндері, өз хиттары бар. Алда жоспар көп. Ең бірінші мақсатым - жыл сайын бір альбом жазып тұру", - деді әнші.

Естеріңізге сала кетейік, отандық әнші Ерке Есмаханға мұсылманша некесін қидырған жұбайы Раимның отбасы құда түсіп, сырға салған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2012971-zana-raim-erke-esmaxanga-uilengen-raim-anderi-aieline-arnalatynyn-aitty-video/

pixel