Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолдасым өте қатты адам": Мадина Сәдуақасова күйеуінің ел білмейтін мінезі туралы айтты

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық әнші Мадина Сәдуақасова жұбайы жайлы айтып, жан сырын ақтарды. "MOM'sкий әңгіме" бағдарламасына келген әнші күйеуінің мінезі туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Күйеуі қарап жүр? Жуас па?" деп жазады ғой. Ол - біреудің айтқанына ермейді. Егер көпшілік қатты реакция білдірсе, "Мүмкін, керек емес?" деп айтады. Ол - біреудің айтқанымен жүрмейтін, біреудің айтқанына ермейтін адам. Өзінің жаны нені қалайды, көзі нені көреді соны ғана маған жасатқызады. "Күйеуі бос екен" деген дұрыс емес. Менің жолдасым өте қатты адам.

Бірақ, еркелетеді, еркіндігімді шектемейді, жақсы көреді, махаббатын толықтай көрсетеді, аялайды, әлпештейді, қорғайды. Бірақ қатты ұстайды. Олжас туралы көп айттық. Мен күйеуімді қатты жақсы көретін сияқтымын. Ол әлеуметтік желіде отырмайды. Өзі қатты қадағаламайды. Адамдардың пікіріне қарамайды. Ол тек өз көргенімен жүреді. Өзі сұхбатқа шықпағасын, адамдар неше түрліні ойлап табады. Мен айтайын, негізі ол кісі осындай", - дейді ағынан жарылған Мадина Сәдуақасова.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші екінші сәбиін өмірге алып келу үшін қолынан келгенді жасап жатқанын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2013123-zoldasym-ote-qatty-adam-madina-saduaqasova-kuieuinin-el-bilmeitin-minezi-turaly-bolisti/

pixel