"Жолдасымның ұлдары": Айжан Нұрмағамбетова бауырына басқан екі баласы жайлы айтты (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Айжан Нұрмағамбетова отбасы жайлы құпиясын бөлісті. "1001 түн" бағдарламасына келген әнші ұлы Диастан бөлек жолдасының екі баласын бауырына басқанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Олар - жолдасымның ұлдары. Солай болды енді. Мұны бір бағдарламада айтқан емеспін. Оны қайдан білесіңдер? Олар үлкен болатын. 8 және 11 жаста еді. Мен олардың мұрынын сүрткен емеспін. Қазір үлкен кісілер.
Мен олардың оқуын төледім, тойын жасадым. Қанша немерем бар екенін айтпай-ақ қояйын, көз тиеді", - деді әнші.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айжан Нұрмағамбетова тойға шығатын әншілерді сынап тастаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016254-zoldasymnyn-uldary-aizan-nurmagambetova-bauyryna-basqan-eki-balasy-zaily-aitty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.