Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұтқаны көтермеді": Бағлан Әбдірайым Жұлдызай Дүйсенбиевамен арадағы түсініспеушілік туралы айтты

Жарияланған күні:

Жұлдызай Дүйсенбиева, Бағлан Әбдірайым
Жұлдызай Дүйсенбиева, Бағлан Әбдірайым. Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official

Осыдан біраз уақыт бұрын отандық актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әнші Бағлан Әбдірайымовтың киносына түсірмей қойғанын айтқан болатын. "Жігіттер" тобының әншісі актрисаның ренішіне жауап беріп, ал Дүйсенбиева өнердегі досын кешіргенін айтқан еді. NEGE.KZ сайтына сұхбат берген Бағлан Әбдірайымов актрисаның фильміне тегін түсіп бергенін мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мен фильміне түсіп те бердім ғой. Егер көпшілік айтқандай маған кек сақтаған болса, шақырмайтын еді. Тегін түстім. Негізі, Жұлдызай маған тікелей реніш білдірген жоқ. Бар болғаны, сұхбат барысында көңіліндегі кірбіңді жеткізген ғой. "Бағланның бетін көрмеймін" немесе "енді араласпаймын" деген жоқ қой. Дегенмен, соны Жұлдызайдың желідегі оқырмандары дұрыс түсінбей, маған шабуыл жасады", - деді Бағлан Әбдірайымов.

Сонымен қатар әнші Жұлдызай Дүйсенбиеваның отандық бағдарламаға берген сұхбатын көрген бойда актрисаға хабарласқанын да жеткізді.

"Сұхбаты шыққан соң өзіне телефон шалып едім, тұтқаны көтермеді. Содан кейін  бұл турасында анық-қанығын айтып, инста парақшама арнайы пост жаздым. "Әр нәрсенің қайыры бар" дейді ғой. Менің бір ауыз сөзім Жұлдызайға қатты әсер етсе керек, бірден кино түсіруге қадам бастап кеттіАл, шынтуайтында кез келген адам кино түсіруге бел буа бермейді. Бірақ Жұлдызайдың қайсарлығына тәнті болдым", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, "Жігіттер" тобының әншісі актрисаның ренішіне жауап беріп, Жұлдызай Дүйсенбиеваны неліктен киноға түсірмегенін түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2016774-baglan-abdiraiym-zuldyzai-duisenbievanyn-filmine-tegin-tusip-bergenin-aitty/