Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқа бөлмеге жатайыншы деді": Аша Матай жұбайы Арманмен арадағы түсініспеушілікті жайып салды

Опубликовано:

Аша Матай
Аша Матай. Фото: Видеодан кадр

Танымал әнші, актриса әрі тележүргізуші Аша Матай тұңғышы өмірге келгеннен кейін жұбайымен арада болған түсініспеушілік туралы айтып, жас аналарды күйеуінен бөлек жатпауға шақырды, деп хабарлайды "Қыздар-ай" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мысалы, бірінші баламыз дүниеге келді ғой. Үйге шыққан соң баламен өткен үшінші түні Арман маған: "Мен қатты шаршадым. Ұйқым келіп тұр. Басқа бөлмеге жатайыншы", - деді. "Қайдағы басқа бөлме? Онда мен де кетіп қалайын. Бала өзі жата берсін. Мен де шаршадым. Менің де ұйқым келіп тұр. Бірақ бұл екеуміздің баламыз, бұл бала екеумізге керек", - дедім. Содан кейін бәрі жақсы, бірге баланы ұйықтатып, бірге қараймыз. Қыздар, бөлек жатуға келіспеңдер", - деді Аша Матай.

Айта кетелік, бұған дейін Аша Матай актрисалықтан неліктен бас тартқанын да айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2017907-basqa-bolmege-zataiynsy-dedi-asa-matai-zubaiy-armanmen-aradagy-tusinispeusilikti-zaiyp-saldy/

pixel