Жаңа туған сәбиімен суретке түскен Нұрболат Абдуллин көпшілікті сүйсінтті (фото)
Жарияланған күні:
Жақында үшінші қызы өмірге келген Нұрболат Абдуллин сәбиін көпшілікке көрсетті. Әнші әлеуметтік желіге кенже қызымен түскен суретін жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Ең сұлу гүлі Тәңірдің", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.
Ал желі қолданушылары нәрестесімен суретке түскен әншіге ақ тілегін жаудырды.
"Бауы берік болсын", "Тіл-көзден аман болсын", "Ғұмырлы болсын", "Қандай керемет көрініс", "Үш қыздан соң шекесі торсықтай ұл нәсіп етсін", "Қызықты қыздан көресің", "Бақытты болсын", - деп жазды желідегілер.
Естеріңізге сала кетейік, жақында Нұрболат Абдуллиннің үшінші қызы дүниеге келді. Өнер иесі нәрестеге Минуар деп ерекше есім қойды.
Айта кетейік, әншінің Минуардан үлкен Шахназ және Табиғат есімді екі қызы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018158-zana-tugan-sabiimen-suretke-tusken-nurbolat-abdullin-kopsilikti-suisintti-foto/