"Қандай әдемі": 81 жасқа толған Бүркіттің анасы сұлулығымен көпті таңғалдырды (видео)
Жарияланған күні:
Көпшілікке Бүркіт лақап атымен танылған Айбек Жансейітовтің 81 жастағы анасы көпшілікті сұлулығымен таңғалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Анам 81 жас. Сұлу болып келе жатыр ғой. Айша Көпжасарова - Бүркіттің анасы", - деп жазды әнші Бүркіт өзінің Instagram парақшасында.
Ал желі қолданушылары әншінің анасы жас көрінетінін айтып, оның сұлулығына таңдай қағуда.
"Не деген сұлулық?", "Қандай әдемі", "Жүз жасасын", "81 жаста деп айтпайсың", "Өте әдемі", "Сұлулық символы", "Баласы жақсы ана қартаймайды", - деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, әншінің анасы Айша Көпжасарова - белгілі ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Былтыр қараша айында өткен жеке концертінде Бүркіт көпшілікке ата-анасын таныстырған еді.
Жақында олардың Тараздан Алматы қаласына көшіп келетіні, ұлы Бүркіттің қолында тұратыны белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2018160-sululyq-simvoly-81-zasqa-tolgan-burkittin-anasy-symbatymen-kopti-tangaldyrdy-video/