jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Бетіңізге ота жасаттыңыз ба": Мадина Сәдуақасова сұлулығының құпиясын бөлісті (видео)

    Мадина Сәдуақасова
    Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Отандық әнші Мадина Сәдуақасова сұлулығына қатысты көпшілік көкейіндегі сауалға жауап берді. Өнер иесі "Жақсы адамдарым" бағдарламасында жас көрінуінің құпиясын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Білесіздер, сахнаға адам шықты ма, сол сахналық образға сай болуың керек. Ол үлкен күтімді талап етеді. Тіпті, артың бір нәрсе жегің келсе де, жемейсің. Өйткені, сен сахнаның адамысың. Көп адамдар "Мадина, сіз бетіңе ота жасаттыңыз ба" деп сұрайды. Бір күні әкемнің үлкен әпкесі "Мадина, маған бетіңе бірнәрсе жасатып алған сияқты көрініп тұрсың. Дым жарасып тұрған жоқ. Бетіңе ештеңе жасатпа, істетпе. Өз болмысыңнан айырылып, өзіңе ұқсамай қаласың. Біздер, Сәдуақасовтар қартаймаймыз. Біздің геніміз мықты" деп хабарласты.

    Кейде мен шашымды қатты тартып жинап қоямын. Содан ол лифтинг сияқты көрініп тұрады. Сосын Құдай қосқан жолдасымның "Боянған кезде басқа адам боп тұрмашы. Ештеңе істетпей-ақ қойшы" деген өтініші бар. Бірақ, біз сахнадамыз. Егер ол нәрсе талап етілсе, қажет болса, оны да жасатамыз. Бірақ Олжас (әншінің күйеуі - ред.) пен апам көз алдымда тұрады. Сондықтан мен әлі ойланып жүрмін. Осы уақытқа дейін бетіме ештеңе жасалмаған. Табиғи өз болмысым", - деді Мадина Сәдуақасова.

    Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мадина Сәдуақасова желіге таралып кеткен видеосына қатысты пікір білдірген болатын.

    "Бетіңізге ота жасаттыңыз ба": Мадина Сәдуақасова сұлулығының құпиясын бөлісті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.