Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Әлия Әнуарбек түсінде марқұм күйеуін көргенін айтып, жан сырын ақтарды (фото)

Опубликовано:

Әлия Әнуарбек
Әлия Әнуарбек. Фото: Instagram/aliya_anuarbek

Отандық кино саласының жұлдызы Әлия Әнуарбектің жолдасы 2020 жылы өмірден мезгілсіз өткен болатын. Актриса түсінде марқұм жолдасын көргенін айтып, әлеуметтік желіде жан сырын бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін таңертең барлық әріптестерім мені құттықтады. Олар үнемі менің күліп жүретін, көңілді сәтімді біледі.

Алайда бүгін таңертең көңілім мұңға толды. Себебі, түсімде Азаматты (актрисаның марқұм күйеуі - ред.) көрдім. Одан менімен билеуін сұрадым. Ал ұйқыдан оянғанда, мұның барлығы түс болып шықты.

Мен өз-өзіме келу үшін төсектен тұра алмай, әдеттегіден ұзағырақ жаттым. Мұны не үшін айтып отырмын? Біз әр күнімізді өзіміз таңдай аламыз. Бүгін қандаймыз, ертең қандай боламыз, таңдау еркі өзімізде. Қайғыру ол қалыпты нәрсе. Әдеттегіден 15 минут кешірек төсектен тұрып, ары қарай өз тірлігіңмен айналысасың. Қызыңды мектепке дайындайсың, жұмысқа барасың және мына керемет өмірді сүруді жалғастырасың", - деп жазды Әлия Әнуарбек Instagram желісінде.

Айта кетейік, Әлия Әнуарбек пен жолдасы Азамат 2014 жылдың 14 маусымында отбасын құрды. Олардың ортақ екі қызы бар. Актриса кейінірек жұбайының қатерлі ісіктен көз жұмғанын баяндап берді.

Әлия Әнуарбек
Әлия Әнуарбек. Скриншот: instagram.com/aliya_anuarbek

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2019286-aktrisa-aliya-anuarbek-tusinde-marqum-kuieuin-korgenin-aityp-zan-syryn-aqtardy-foto/

pixel