Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"800 млн теңге": Айдай Исаева көпшілікке 280 шаршы метрлік пәтерін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Айдай Исаева
Айдай Исаева. Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы

"Қазақстан аруы-2014" әрі танымал тележүргізуші Айдай Исаева алғаш рет көпшілікке үйін көрсетті. Танымал қазақстандық жұлдыз пәтерінің 280 шаршы метр екенін және құны 800 млн теңге екенін атап өтті. Бұл жайлы Айдай Исаева "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Үйдің орналасқан жері жақсы. Шырша, өсімдіктер, тұрған жері, өзіміз таулы жерді ұнатамыз. Үй бес бөлмелі, 280 шаршы метр. Енді тағы кем дегенде 500 шаршы метр үйге көшеміз деген ойдамыз. Біз ғана емес, көмекшілер қонып жұмыс істейді. Содан кейін үйде бірнеше қыз бірге тұрамыз. Осыдан кейін кеңейтуге бел будық. Жолдасым іссапарда, басқа елде.

Екі бала қарайтын күтушім бар. Алдында екі бала қарайтын күтуші бірге жұмыс істейтін. Қазір кезек-кезек жұмыс істейді, бір бала күтуші, бір үй көмекшісі", - деді Айдай Исаева.

Сонымен қатар Айдай Исаева үйінің құны 800 млн теңгеге бағаланатынын да атап өтті.

Ал бағдарлама жүргізушісі Анна Данченконың айтуынша, үй қымбат ауданда орналасқан.

"Үй он жыл бұрынғы жөндеу жұмыстарымен тұр. Бұл үйдің бағасы өзгерген жоқ. Жолдасым өзі - сатып алушы, өзі - сатушы. Үйдің құны кем дегенде 800 млн теңге", - деді Айдай Исаева.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Айдай Исаева алғаш рет ата-енесі жайлы құпиясын бөліскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2019875-800-mln-tenge-aidai-isaeva-tau-bokterinde-ornalasqan-zaulim-uiin-korsetti-video/

pixel