"32 келі жинап алдым": Аша Матай жүктіліктен соң артық салмақ қосып, домаланып кеткенін айтты
Жарияланған күні:
Танымал әнші әрі тележүргізуші Аша Матай өзінің артық салмақпен күрескенін жасырмай айтты. Әншінің сөзінше, ол жүктіліктен кейін ісініп, домаланып қалған, деп жазады "Қыздар-ай" жобасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Босанған соң 32 келі жинап алдым. Көрермендерім де көп сұрап жатады. Бойым 158 сантиметр, босанғанға дейін 47 келі болдым. Кейін 52-ге көтерілді, солай жинай бердім. Мен үшін бұл қорқынышты болдым. Ісініп, домаланып жүрдім. Нақты неден арықтағанымды білмеймін.
Қозғалыс қой. Спортпен айналыстым, ПП-ға отырдым демеймін. Арықтатын дәрілерді де іштім. Бір айтарым - мұндайды ішпеңіздер. Кейін менің суретім қойылған түрлі дәрілер шығып кетті. Оған да сенбеңіздер. Мен ондайды ішпеймін", - деді Аша Матай.
Айта кетелік, бұған дейін Аша Матай актрисалықты неліктен тастап кеткенін ашып айтқан болатын.
Сондай-ақ әнші тұңғышы өмірге келгеннен кейін күйеуімен арада қандай қиындықтар болғанын да жасырған жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020007-32-keli-zinap-aldym-asa-matai-zuktilikten-son-artyq-salmaq-qosyp-domalanyp-ketkenin-aitty/