Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызым соны қалап тұрса, тоқалдыққа берем": Бейбіт Қорған желіде өзі жайлы тараған қауесетті растады (видео)

Опубликовано:

Бейбіт Қорған бағдарламада
Бейбіт Қорған. Фото: "1001 түн" бағдарламасы

Отандық әнші Бейбіт Қорған желіде өзі жайлы тараған қауесет сөздің қайсысы рас, қайсысы жалған екенін түсіндіріп өтті. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында қызын тоқалдыққа беру жайлы айтқанын мойындады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Бейбіт Қорғаннан "Әйелім төркіннен келмесе, екінші әйел алам" дегеніңіз өсек пе? Шын ба?", - деп сұрады.

Ал әнші бұл сөзді өзі айтқанын растады.

"Ренжігесін осылай айтқанмын. Сөйтіп айтқанмын. Оны жасырмай тұрмын ғой. Қайда, бір әйелді асыраудың өзі ер азаматтың үлкен міндеті. Мына жерде ондай әңгіме емес. Реніш қой ол", - деді Бейбіт Қорған.

Сонымен қатар бағдарлама жүргізушісі әншіден "Қызым соны қалап тұрса, тоқалдыққа берем" дейді. Ақпарат көзінде сондай болып па еді?", - деп сұрады.

"Ауыздан шығып кеткен әңгіме бар. Діннің шариғатында бар нәрсе ғой. Тоқалдық деген қорлық деп қарайды ғой көбісі. Бірақ ондай нәрсе емес қой. Қызымның өзі қалап тұрса, ештеңе істей алмайсыз ғой. Менің өз сөзім, иә", - деді Бейбіт Қорған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020112-qyzym-sony-qalap-tursa-toqaldyqqa-berem-beibit-qorgan-zelide-ozi-zaily-taragan-qauesetti-rastady-video/

pixel