Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің күнім": әнші Маржан Арапбаева су жаңа көлік алды (видео)

Опубликовано:

Маржан Арапбаева
Маржан Арапбаева. Фото: instagram.com/arapbayevamarzhan

Отандық әнші Маржан Арапбаева су жаңа көлікке ие болды. Өнер иесі Instagram желісінде қуанышты жаңалығын көпшілікке бөлісіп, сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Алақай, достар! Бүгін менің күнім. Менде жаңа тұлпар. Мен үшін қуанған әрбір жанға жұғысты болсын", - деді Маржан Арапбаева.

Сонымен қатар әнші видеода көлік салонына барып, таңдап алған темір тұлпарын көрсетті.

Ал желідегілер әншіні су жаңа көлігімен құттықтап, ақ тілегін жаудырды.

"Құтты болсын", "Жолың ақ болсын", "Тұлпарыңыз құтты болсын", "Бізге де жұғысты болсын", - деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, әншінің таңдауы түскен Exeed VX көлігінің нарықтағы құны 22 млн теңге шамасында.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші өмірден өткен анасы жайлы сыр шерткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020198-menin-kunim-ansi-marzan-arapbaeva-su-zana-kolik-aldy-video/

pixel