Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ойласам шаршаймын": Раиммен заңды некеге тұрған Ерке Есмахан үйлену тойына қатысты сұраққа жауап берді

Опубликовано:

Райм мен Ерке Есмахан
Райм мен Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/raimusican

Жақында тұрмысқа шыққан танымал қазақстандық әнші Ерке Есмахан үйлену тойы болмайтынын айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желідегі Stories-те оқырманының "Үлкен той бола ма?" деген сұрағына жауап берген Ерке Есмахан күйеуі Раим екеуінің үйлену тойы болмайтынын айтты.

"Той болмайды. Ақылдаса келе солай шештік. Біздің той тағы у-шу, телефон ұстаған қонақтар, тікелей эфирлер, тағы, тағы. Ойласам шаршаймын. Тойсыз-ақ бақытты жанұя болып, балалы-шағалы болып, сосын 5-10 жылдық той жасармыз. Алла жазсын. Бір үйлену фотосессиясын жасаймыз, бұйырса", - деп жазды Ерке Есмахан.

Ерке Есмаханның сторизі
Скриншот: instagram.com/stories/erke_esmahan

Еске сала кетсек, бұған дейін Раим мен Ерке Есмахан заңды түрде некесін қидырғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020390-oilasam-sarsaimyn-erke-esmaxan-raimmen-uilenu-toiy-bola-ma-degen-suraqqa-zauap-berdi/

pixel