Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлінің күйеу баласы мен қарындасы суға мұқтаж африкалықтарға құдық қазып берді

Опубликовано:

Фариза Төреәлі мен Дархан Нортаев
Фото: Instagram/fariza_toreali

Отандық спортшы Дархан Нортаев пен танымал блогер Фариза Төреәлі суға мұқтаж Африка халқына құдық қазып берді. Бұл туралы Нортаев өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"Бала кезімде әкеммен бірге National Geographic арнасын жиі көретінмін. Сол кезде Африканың табиғатына қызығып және сол жақтағы халыққа көмектескім келетін. Есейген сайын оның бәрі ұмытылып кетті.

4 ай бұрын Меккеге барғанымда, Алла белгі бергендей телефоннан құдық жайлы видео шықты, маған арманымды еске түсіргендей болды. Сол сәтте құдық салып берейік деп шештік. Ал бүгінгі таңда аманатымыз толық жұмысын атқарып, адамдар таза сумен сусындап жатыр", - деп жазды джиу-джитсу шебері Дархан Нортаев.

Ерлі-зайыптының үлгілі ісін көрген оқырмандар оларға ризашылығын білдірген.

"Жақсылығыңыз Алладан еселене қайтсын", "Алла разы болсын, бауырым", "Алла сендерге орасан мол сауаптан жазсың! Өте игі, үлгі аларлық жақсылық! Халыққа тигізер жақсылықтарын көп болсын!", - деп жазуда олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020397-erli-zaiypty-darxan-nortaev-pen-fariza-toreali-suga-muqtaz-afrikalyqtarga-qudyq-qazyp-berdi-video/

pixel