Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайбергеннің Малайзияда жеке кеші өтеді

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Димаш Құдайбергеннің Stranger туры әлем бойынша саяхатын жалғастыруда. 2023 жылғы 24 маусымда Малайзия астанасы Куала-Лумпурда қазақстандық әртістің жеке концерті өтеді. Бұл жайлы dimashnews.com cайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сайт мәліметінше, шоу әйгілі Axiata Arena Bukit Jalil астаналық стадионында сағат 20:30-да өтеді.

Айта кетейік, жақында Димаш Құдайбергеннің Stranger туры Түркия елінде өткен болатын.

Еlorda.info сайтының мәліметінше, шоуға әлемнің 44 елінен көрермендер келген. Түркиялықтар онда Димашқа өз елінің ұлттық аспабын сыйға тартты.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шетелдік БАҚ-қа берген сұхбатында болашақ жұбайы туралы сұраққа жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020457-dimas-qudaibergennin-malaiziyada-zeke-kesi-otedi/

pixel