Әнші Тамара Асар ауруханадан шықты (видео)
Опубликовано:

Отандық әнші Тамара Асар жақында ауруханаға түскен болатын. Өнер иесі ауруханадан шыққанын айтып, желіде көпшілікке видео жолдады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Өнер иесі ауруханада он шақты күн болғанын Instagram парақшасында мәлім етті.
"Бірнеше күннен бері дамыл таппай, әртүрлі хабарлама келіп жатыр. Достарым қобалжып жатыр. Барлығы жақсы. Ауруханадан шықтым. Адам болғасын ауырады, сауығады. Он күннен астам ауруханада жаттым. Жағдайым жақсы болған кезде ғана хабарлағанмын.
Менің жағдайым жақсы. Жанымда жолдасым, балапандарым бар. Арнайы дәрігерлер қадағалады. Ары қарай алатын емімді жазып берді. Енді бұйырса, концертке шығамын", - деді Тамара Асар.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әнші ауруханаға түскенін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2020876-ansi-tamara-asar-auruxanadan-syqty-video/