Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық әнші Шаһизада бұрынғы үш күйеуі жайлы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Шаһизада
Шаһизада. Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Отандық әнші Шаһизада бұрынғы күйеулері жайлы жан сырын ақтарды. "Астарлы ақиқат" бағдарламасына келген әнші үшінші күйеуі үшін Түркияға көшіп барғанын да еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, ұлының әкесіне 19 жасында тұрмысқа шыққан. Ал екінші күйеуімен Шаһизаданың некесі сегіз жылға созылған.

"Маған келген ер азаматтар көмек күтіп тұрады. Неге екенін білмеймін. Үш рет тұрмыста болғаным рас. Бірінші күйеуім Асқар - Олжас баламның әкесі. 19 жасымда шаңырақ көтердік. Солтүстік Қазақстанда бүкіл қиыншылықтан өтіп, балалы болдық. Кейін арамызға адамдар түсті, ішімдікке салынды. Мен өнер адам болған соң бір орында отыра алмаймын. Осы уақытқа дейін тіршілік жасап, әнім, өнерім деп жүрмін. Бір орында тұрып қала алмадым, сол себепті екеуіміз екі жаққа кеттік", - деді әнші.

Әншінің айтуынша, екінші рет тұрмыс құрмас алдын қатты сырқаттанып қалған.

"Екінші рет тұрмыс құрмас бұрын жалғыздықты сезіндім. Үйде жалғыз өзім, 40 градусқа дейін қызуым көтерілді. Шәй құйып беретін, су беретін адам болмады. Өлуге дайын жаттым. Төсегімнің жанында айна болатын. Соған қарап отырып, жынды адамдай өзіммен-өзім сөйлестім. "Шаһизада, не істеп жүрсің? Сенің әнші, атақты болғаныңды қайтейін? Мына жатысың не? Су беретін адамың жоқ. Не сұмдық мынау? Шұғыл тұрмысқа шық" деп өзіме айттым.

Сөйтіп екінші рет тұрмыс құрып, күйеуіммен 8 жыл тұрдым. Бірақ мен ол жігітті өзім сүйредім. Оны директор қылдым. "Менің жолдасым - директор" деп бәріне мақтанып жүрсем, соңында менен теріс айналды. "Жарайды, садақа. Жағдайын жасадым, бақытты болсын" деп өзім үйлендіріп жібердім", - деді әнші.

Ал үшінші күйеуіне тұрмысқа шығу үшін Шаһизада Түркияға көшіп барған.

"Үшінші жолдасымды мықты ер азамат деп айта аламын. Ол кісіні көпшілік біледі. Батыр деп атайды. Мен оны білген жоқпын. Әйел құлақпен жақсы көретіні белгілі. Күнде сені мақтап, еркеліп, сүйетінін айтса, кім жек көреді? Жатса, тұрса сезімін білдіретін. Ондай ер азаматқа қай әйел болса да сенеді. Бүкіл дүниемді, бала-шағамды тастап, сол үшін Түркияға көшіп кеттім.

Барып оның жағдайын жасадым. Өйткені, оның жағдайы жоқ екен. Содан ол маған қол көтерді. Сөйтіп мен бірден өзіме "Осы жасыма келгенде күйеуден таяқ жеп, қалған өмірімді осылай өткіземін бе? Маған қол көтеретіндей не істеп жатыр?" деп сұрақ қойдым.

Пәтерінің ақшасын мен төледім. Тамағы, киімі менің мойнымда болды. Көпшілік оны білмейді, түсінбейді. Бірде әпкем маған "Үйленгенді қойсаңшы. Ер адам саған үйленсін" деді. Сонда ғана ойландым. Шынында, ер адамға мен үйленеді екенмін", - деп жан сырын ақтарды Шаһизада.

Айта кетейік, отандық әнші Шаһизада отандық бағдарламаның бірінде төртінші жігітін көпшілікке таныстырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, кейінірек әнші Шаһизада 18 жас кіші жігітпен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты. Ал осы оқиғадан соң Ерболат Ержанбаев "Астарлы ақиқат" бағдарламасында өз шындығын жайып салды. Cонымен қатар Ерболат Ержанбаевтың жұбайы Мереке осы оқиғаға байланысты отбасында болған жағдайды баяндап берді.

Осыдан кейін әнші Шаһизада өзінен 18 жас кіші әнші жігітпен хайп жасағаны үшін өкінбейтінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2021342-otandyq-ansi-sahizada-buryngy-us-kuieui-zaily-aitty/

pixel