Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұны кисең, қыста жаурамайсың": белгілі әнші 1500 АҚШ доллары тұратын көзілдірігін көрерменге лақтырып жіберді

Опубликовано:

Нұрсұлтан Нұрбердиев сахнада
Нұрсұлтан Нұрбердиев. Фото: YouTube/NursultanNurberdiev

Үнемі көзілдірік тағып жүретін әнші Нұрсұлтан Нұрбердиев кезекті концерттерінің бірінде ерекше қадамға барды. Ол өзінің қымбат көзілдірігін көрермендерге лақтырып жіберді, деп жазады әншінің желідегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Әншінің айтуынша, көзілдірік мың жарым доллар тұрады. Ал әлгі көзілдірікті белгілі әнші Нұрлан Еспанов жоғары бағалаған болатын.

"Нұрбердиевтің очкиін көрдіңіздер ме? Пластикалық терезе киіп алған сияқты. "Шымбұлақтан" шаңғымен түсіп, тоқтай алмай, осы жерге дейін келген. Білесіздер ме, мына очкимен қыста жаурамайсыздар. Себебі әйнектің арғы бетінде жүргендей боласыздар", - деп мақтауын асырған еді.

Қонаев қаласына концерт берген әнші 1500 АҚШ доллары тұратын көзілдірігін көрермендерге сыйлап, сахнадан лақтырды.

"1500 доллар тұратын очки Қонаев қаласына бұйырды", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2021425-muny-kisen-qysta-zauramaisyn-belgili-ansi-1500-aqs-dollary-turatyn-kozildirigin-korermenge-laqtyryp-ziberdi/

pixel