Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қандай керемет көрініс": енесіне еркелеген Азамат Сатыбалдының әйелі көпшілікті сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Назгүл Қарабалина, Азамат Сатыбалды
Назгүл Қарабалина, Азамат Сатыбалды. Фото: instagram.com/azamatc

Танымал актер Азамат Сатыбалды анасы мен әйелінің желіде видеосын жариялады. Енесінің тізесіне басын қойып, еркелеген Назгүл Қарабалинаның ісі көпшілікті сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш видеоны Азамат Сатыбалды Instagram парақшасына жариялады.

"Ене мен келін. Кәрілігің қадірлі болсын десеңіз, қазірден бастаңыз. Бақыт - батада. Келінің қайырлы, ұлың қайырымды болсын десең, өзің де сондай бол. Өмір - бумеранг", - деп жазды Азамат Сатыбалды.

Ал желі қолданушылары енесі мен келінінің жарасымды қылығына сүйсінгенін жасырмады.

"Өмір қамшының сабындай ғана қысқа. Әр отбасыда ене мен келін осындай болуы керек", "Әже дана болып тұр", "Жастайынан түскен келіні ыстық болады ғой", "Анаңыздың ғұмыры ұзақ болсын", "Қандай әдемі", "Қандай керемет көрініс", "Келін де керемет болып тұр ғой", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін актриса Назгүл Қарабалина неліктен өнер академиясында ұстаздық етпейтінін түсіндірген болатын. Продюсер мұндай ойы болғанын, алайда өнер академиясына ректор болған жұбайы Азамат Сатыбалдыға кедергі келтірмеу үшін бұл ойынан әзірге бас тартқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2021570-qandai-keremet-korinis-enesine-erkelegen-azamat-satybaldynyn-aieli-kopsilikti-suisintti-video/

pixel