Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүйінші": Ерке Есмахан көпшілікке жақсы жаңалығын бөлісті

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан: Фото: Instagram / erke_esmahan

Қазақстандық әнші Ерке Есмахан өзінің Instagram-дағы stories бөлімінде сүйінші сұрап, жақсы жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ерке Есмахан желі парақшасында күйеуі Раимның 25-26 мамыр күндері АҚШ-тағы Чикаго қаласында жеке концерті болатынын айтты.

"Сүйінші! Алла бұйыртса ертең күйеуімнің Америкада, Чикаго қаласында жеке концерті болады. Шүкір!", - деп жазған ол.

Әнші, сондай-ақ жолдасының концертіне бара алмайтынын айтып, өкінішін білдірді.

"Алла сәттілік берсін, жүрегім. Өкінішке қарай мен болмаймын Чикагода", - деп жазды әнші Instagram-дағы stories бөлімінде.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда Ерке мен Раимның қатысуымен өткен концертте 16 бала жоғалып кеткені туралы жазған едік.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, балалардың ата-аналары анықталып, өздеріне табысталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022020-suiinsi-erke-esmaxan-kopsilikke-zaqsy-zanalygyn-bolisti/

pixel