Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

83 жасында дүниеден озған әйгілі америкалық әнші Тина Тернер туралы не білеміз (фото)

Опубликовано:

Танымал америкалық әнші Тина Тернер
Танымал америкалық әнші Тина Тернер. Фото: Instagram / @tinaturner

Кеше, 24 мамыр күні аты аңызға айналған 83 жастағы рок-н-ролл әншісі Тина Тернер қайтыс болды. 69 жасында сахнаға шығуды доғарған танымал америкалық әнші туралы деректерді BBC News ресейлік басылымы назарға ұсынды.

Тина Тернер 1939 жылы 26 қарашада АҚШ-тың Теннесси штатында дүниеге келген. BBC News баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол — сегіз Грэмми сыйлығының иегері. Ал Rolling Stone журналы оған қазіргі заманның ең ұлы әншілерінің бірі деген баға берген.

Америкалық рок-н-роллшы жарты ғасырдан астам уақыт бұрын танымалдыққа ие болған. Ол өзінің музыка әлеміндегі кәсібін күйеуі Айкпен бірге Ike & Tina Turner дуэтінің вокалисі ретінде бастаған, ал бірер уақыт үзілістен кейін ол жеке карьерасын бастап, одан да биік шыңдарды бағындыра бастаған.

Тина Тернердің орындауында The dance, Private Dancer, What's Love Got to Do With It сынды әндері хитке айналған және әлі күнге дейін әлемнің мыңдаған радиостанцияларында шырқалады.

Кейін Тина, болашақ күйеуі Айк Тернермен 1956 жылы Kings of Rhythm тобының қойылымында кездесіп, көп ұзамай онымен бірге өнер көрсете бастаған. Ол кезде Тинаның есімі Анна Мэй Буллок еді.

1960 жылы олардың A Fool in Love атты алғашқы хиті поп-музыка хит-парадына енеді. Одан кейін It's Gonna Work Out Fine, River Deep, Mountain High, Proud Mary атты тағы бірнеше ортақ сәтті синглі шығады.

Ал 1962 жылы өнерлі жұп Мексиканың Тихуана қаласында некесін қияды.

Тина Айкпен шамамен 16 жылдай тұрмыс құрған. Бірақ 1978 жылы олар ажырасып кетті. Ал 1986 жылы Тина өзі туралы түсірілген өмірбаянында Айкпен тұрмыста болған жылдары күйеуінен көрген зорлық-зомбылығы туралы айтқан.

Америкалық әнші Тина Тернер
Америкалық әнші Тина Тернер. Фото: Instagram / @tinaturner

Оның дебюттік жеке альбомы 1984 жылы шыққан және 20 миллионнан астам пластинкаға жазылған таспасы бүкіл әлем бойынша сатылып, осы альбомдағы әндері үш "Грэмми" сыйлығын иеленген.

Америкалық әнші Тина Тернер
Америкалық әнші Тина Тернер. Фото: Instagram / @tinaturner

Жалпы, Тина Тернер мансабында сегіз Грэмми сыйлығын алған. Ал тамаша шығармашылық жетістіктері үшін премия оған 2018 жылы тарту етілген.

Өзінің карьерасында Тина Тернер Rolling Stones тобының әншісі Мик Джаггермен бірнеше рет өнер көрсеткен. Сондай-ақ Тина оған үнемі ғашық болғанын айтқан.

Америкалық әнші Тина Тернер
Америкалық әнші Тина Тернер. Фото: Instagram / @tinaturner

Тина Тернердің танымалдығы жарты ғасырға созылған. 2000 жылы ол қоштасу гастролін өткізген еді, бірақ тоғыз жылдан кейін 69 жасында музыкадағы өмірінің 50 жылдығына орай қайта гастрольге шықты.

2013 жылы Тина өзінің бұрынғы серіктесі Эрвин Бахқа тұрмысқа шықты. Екінші тұрмысы кезінде көп ұзамай Тина инсультке шалдыққан, бірақ Эрвин оған өзінің бір бүйрегін беріп, өмірін сақтап қалды.

"Ешкім де ән айтып, би билеуден қаншалықты шаршағанымды елестете алмайды. Болды. Мен үйге қайтамын", - деген еді Тина Тернер зейнетке шыға отырып.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022044-83-zasynda-dunieden-ozgan-aigili-amerikalyq-ansi-tina-terner-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel