Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әсел Сәдуақасова өзінен жеті жас кіші жігітіне қашан тұрмысқа шығатынын айтты

Опубликовано:

Әсел Сәдуақасова
Әсел Сәдуақасова. Фото: instagram.com/asselsadvakassova

Танымал әнші әрі актриса Әсел Сәдуақасова Қазақстаннан көшіп кетті. Ол Индонезияға қоныс аударып, елге уақытша оралды, деп хабарлайды NTK Entertainment бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жаз бойы Қазақстанда боламын деген жоспар жоқ. Әр мемлекетте тұрып көргім келеді. Әр сапар адамның дүниетанымын өзгертеді", - дейді Сәдуақасова.

Өнер жұлдызының елге келуіне сүйіктісі себеп болған. Әсел өзінен жеті жас кіші Мағжан Тілеухан есімді жігітпен көңіл қосқан болатын. Ол блогерлер арасында диджитал маркетолог ретінде танымал.

"Дәл қазір той қашан болатынын нақты айта алмаймын. Қазір жұбым бар. Қазір бақыттымын. Бәрі уақыт еншісінде. Той болса, бірінші болып естисіздер", - деді актриса.

Бүгінде Әсел Сәдуақасова әншіліктен де, кино мансабынан да бас тартып, психологияға ден қойған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022053-asel-saduaqasova-ozinen-zeti-zas-kisi-zigitine-qasan-turmysqa-sygatynyn-aitty/

pixel