Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күйеуің қаңғып кетсе, шыдау керек": танымал актер қыз-келіншектерге өз кеңесін айтты

Опубликовано:

Алмат Сақатов сұхбат барысында
Алмат Сақатов. Фото: "Менің өмірім" бағдарламасы

Халыққа "Бауыржан шоу" театры арқылы танылған актер Алмат Сақатов жақсы әйел қандай болуы керектігін айтты. Бұл тақырыпқа ол "Менің өмірім" бағдарламасына берген сұхбатында тоқталған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жақсы әйел шыдамды болуы керек. Болды. Егер сабаса, ұрса, күнде арақ ішіп жүрсе, түсінемін. Бірақ еркек оған жетуі керек. Ал еркектің қолы қай кезде ұзарады? Әйелдің тілі ұзарғанда... Әйел шыдаса, тілі ұзармай, тыныш жүрсе, ақылды еркек өз орнына келеді. Шыдау керек, шыдамдылық. Басқа ештеңе керек емес бұл жерде. Күйеуің қыдырып кетті ме, қаңғып кетті ме? Шыда. Өйткені айғайлап, "жағаң помада болып келіпті" , - деп, бетің ашылады.

Уақыты келгенде қоясың. Кейбіреулер әйелді еркегіне барын беретін адал болуы керек дейді. Ал шыдамсыз әйел қалай адал болады? Бір ұрсысады, екі ұрсысады. Кейін айғай-шу болғанда бір түкіріп, ол да кетеді. Қашанғы адал болып жүреді? Мен солай ойлаймын.

Қиын өмірге шыда. Квартирада жүрген кезде шыда. Күйеуің ақша таппай жүрсе, шыда. Ертең табады. Өйткені мен соны өз әке-шешемнен, әжемнен көремін соны. Шыдамның да шегі бар. Шыдау үшін ақыл, сабыр, парасаттылық керек",- деді Алмат Сақатов.

Айта кетелік, сұхбат барысында актер өз әйелінің шыдамдылығына тоқталып, ризашылығын білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022637-kuieuin-qangyp-ketse-sydau-kerek-tanymal-akter-qyz-kelinsekterge-oz-kenesin-aitty/

pixel