jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Айжұлдызды көргендей болдым": Жанар Айжанова 35 жыл бұрынғы видеосын бөлісті (видео)

    Жанар Айжанова
    Жанар Айжанова. Фото: Instagram/zhanar_aizhanova

    Отандық танымал әнші, актриса Жанар Айжанова желіде 35 жылдық тарихы бар видеосын бөлісті. Өнер иесінің жас кезіндегі естелігі желідегілерді сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Видеода ұлттық киім киген Жанар Айжанованың домбырамен "Сары жез құмған-ай" әнін орындайды.

    "35 жыл бұрынғы Жанар. Сол кезде көрген адам "Құдай-ай, бала екенсің ғой" деп өбектеп жататын. Мен өзімше, үлкен адам секілді жүретінмін.

    Қазір қарап отырып күлемін. Қайран уақыт! Қалай зымырап өте шықтың?", - деп жазды Жанар Айжанова Instagram парақшасында.

    Ал желі қолданушылары әншінің дауысының ерекшелігін айтып, Жанар Айжановаға еліктеген уақытты еске алды.

    "Сол кездер керемет еді", "Дауысы керемет еді", "Сол кезде теледидардан көріп, амандығыңызды тілеп отыратынбыз", "Айжұлдызды көргендей болдым", "Дауысыңыз ерекше ғой", "Сізге еліктеуге тырысатын едік", - деп жазды желідегілер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.