Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отасқанына 50 жыл": жарына ән арнаған Алтынай Жорабаеваның анасы көпшілікті сүйсіндірді (видео)

Опубликовано:

Алтынай Жорабаеваның ата-анасы
Алтынай Жорабаеваның ата-анасы. Фото: instagram.com/ayauka_zhorabayeva

Отандық танымал әнші Алтынай Жорабаеваның ата-анасының отау құрғанына елу жылдың жүзі толған. Күйеуіне ән арнаған әншінің анасыны көпшілікті сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Танымал әншінің келіні Аяулым Жорабаева ата-енесінің видеосын Instagram парақшасында бөлісті.

"Әкелеріміз бен аналарымыз аман болсын. Менің ата-енем. Мектепте бірге оқып, одан кейін отбасы құрған. Аллаға шүкір, 2 ұл мен 4 қыздың ата-анасы", - деп жазды Алтынай Жорабаеваның келіні әлеуметтік желіде.

Сонымен қатар видеода Талғат Жорабаевтың жұбайы ата-енесінің отау құрғанына 50 жыл болғанын да атап өтті.

"50 жыл отау құрған ата-енем. Анамның әкемізге арнап ән айтуы", - деп жазды Аяулым Жорабаева видеода.

Ал желі қолданушылары танымал әнші Алтынай Жорабаеваның анасының дауысына таңқалды.

"Керемет", "Алтынай мен Талғатты танимыз. Басқа балаларын да көрсетіңізші", "Ұзақ ғұмыр кешсін", "Отбасыңыз аман болсын", "Ұрпағымен жүз жасасын", "Бізге де осындай әдемі қарттық бұйырсын", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2022892-bizge-de-ademi-qarttyq-buiyrsyn-otau-qurganyna-50-zyl-bolgan-altynai-zorabaevanyn-ata-anasy-kopsilikti-tangaldyrdy-video/