"Науқан тоқтады": Әбдіжаппар Әлқожа тойына тегін шақыратын туыстарына өкпесін айтты (видео)
Жарияланған күні:
Әнші Әбдіжаппар Әлқожа тойына тегін шақыратын таныстары мен туыстарына ренішін айтты. Өнер иесі жақындарының тойына тегін шықпайтынын Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Дос, бауыр, құда-жекжат, ағайындар! Мені тойға өтінішпен шақырмай-ақ қойыңыздаршы. Таза гонорарға шақыратын болсаңыз, көмекшіме хабарласыңыз.
Таныс арқылы "өтініш еді" деген тойларыңызға рахмет! Тойсыз-ақ, жігітше араласайық. Маған ешкімнің міндеті жоқ. Бәрін өзім Алланың қалауымен істеп жүрмін. Таныстың тойы деген науқан тоқтады", - деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Әбдіжаппар Әлқожа 500 мың теңгеге алған шапанын көрсеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2023694-nauqan-toqtady-abdizappar-alqoza-toiyna-tegin-saqyratyn-tuystaryna-okpesin-aitty-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.