Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бірінші баламызды тазикте тербеттік": Мадияр Серікбаев отбасылық өмірдегі қиын кезеңдерді еске алды

Жарияланған күні:

Мадияр Серікбаев жары Дана Тұрарбекпен
Мадияр Серікбаев жары Дана Тұрарбекпен: youtube/@NartayAralbyuli

Танымал актер Мадияр Серікбаев жұбайымен бірге Нартай Аралбайұлына сұхбат берді. Әңгіме барысында ол отбасылық өмірдің алғашқы жылдарындағы қиындықтар туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Үйде анам бар, кішкентай туылды. Қызымыз туылғанда тазик алғанбыз, әлі бесік жоқ. Шомылдырып болған соң қарасам, анам тазик тербетіп отыр. Ішіне қызымызды жатқызып қойған. Бізде манеж алуға ақша болмады. Сол үшін баланы шомылдырып, ішін сүртіп, баланы тазикте ұйықтататынбыз, тербетіп. Сабаққа жүгіріп барып келеміз. Анамыз қарап отырады.

Бала жылағанда: "Мынаның қарны ашты, жылап жатыр", - деп телефон соғады. Екеуміз академиядан жүгіріп шығып, троллейбуспен келеміз. Баланы тамақтандырып, анама шай беріп, қайтадан сабаққа кетеміз. Жатақхананың бір бөлмесі ғой. Бүгінде сол тазикке тербеткен баламыз тоғызыншы сынып бітіріп, аттестат алды", - деді Мадияр Серікбаев.

Айта кетелік, Мадияр Серікбаев "Өнер қырандары" театрының жетекші актерлерінің бірі.

Сондай-ақ ол қайырымдылық шараларын ұйымдастыру арқылы көпшілікке кеңінен танылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2023743-birinsi-balamyzdy-tazikte-terbettik-madiyar-serikbaev-otbasylyq-omirdegi-qiyn-kezenderdi-eske-aldy/