Әлішер Кәрімов ориентациясына қатысты ел арасындағы қауесетке нүкте қойды (видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал әнші Әлішер Кәрімов ел арасында өзі жайлы тараған қауесетке нүкте қойды. "Ревю" бағдарламасына сұхбат берген әнші ориентациясына қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің айтуынша, ол ел арасындағы алып-қашпа сөзге мән бермейді.
"Танымал адамның артында неше түрлі өсек болады, сөз болады. Ешқашан да мән берген емеспін. Осы сөзді жазғандар надан адам деп ойлаймын. Олар менің әке-шешемнің үлкен кісілер, оқып қояды деп ойламайды.
Бірақ ол бәрібір қайтады. Карма әрине, мен соған сенемін", - деді Әлішер Кәрімов.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Әлішер Кәрімов Кореяда омыртқасына 11 сағатқа созылған ота жасатқанын ашып айтқан болатын.
Сонымен қатар Әлішер Кәрімов сүйіктісінің Астана қаласынан екенін де отандық бағдарламаға берген сұхбатында ашып айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2024093-aliser-karimov-orientaciyasyna-qatysty-el-arasyndagy-qauesetke-nukte-qoidy-video/