jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Мұндай сынақ бермесін": Қуандық Рахым Төреғали Төреәлі ісіне қатысты пікір білдірді

    Қуандық Рахым, Альбина Шардарова, Төреғали Төреәлі
    Қуандық Рахым, Альбина Шардарова, Төреғали Төреәлі. Фото: instagram.com/albina.shardarova

    Отандық әнші Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Әншінің өнердегі әріптесі Қуандық Рахым Instagram желісінде осы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Пенделіктің қашан да түп-түзу шықпайды есебі. Содан соң туады жала мен өсегі. Алла қаласа, су да жанады. От та өшеді. Алла қаласа, күрмеудің түйінін шешеді.

    Ақтап алып жатқан жоқпын. Бірақ Аллам енді мұндай сынақ бермесін", - деп жазды Қуандық Рахым.

    Естеріңізге сала кетейік, күні кеше әлеуметтік желіде Lexus көлігі жүргізушісінің ұсталған сәті тарап кетті. Оқиға куәгерлері ұсталған азаматты қазақстандық танымал әнші екенін айтуда. Ал кейінірек бұл ақпаратты полиция растап, мәлімдеме жасады.

    Ал кешірек әнші Төреғали Төреәлінің 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

    Сонымен қатар танымал заңгер Айгүл Орынбек Төреғали Төреәлінің үстінен қылмыстық іс ашуды талап етті.

    "Мұндай сынақ бермесін": Қуандық Рахым Төреғали Төреәлі ісіне қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.