Дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова тұңғыш қызын ұзатты (фото, видео)
Жарияланған күні:
Отандық танымал дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова тұңғыш қызы Айшаны ұзатып, дүркіретіп той жасады. Бұл жайлы көпшілікке әнші Тамара Асар айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бүгін Алматыда керемет той. Жүніс пен Айгүл Қосанова тұңғыш қызы Айшаны ұзатуда. Айша бақытты, баянды болсын. Тілекшіміз", - деп жазды Тамара Асар Instagram парақшасында.
Сонымен қатар желіге тараған видеодан дәстүрлі әншінің қызының ұзату тойына өнердегі әріптестерінен Ақбота Керімбекова, Жазира Байырбекова, Жанар Айжанова, Индира Елубаева, Абай Бегей мен Асхат Тарғын келгенін байқауға болады.
Сондай-ақ Айгүл Қосанованың қызының ұзату тойынан Ақбота Керімбекова да желіде видео жариялады.
"Қазақ өнерінің ерекше талантты қызы Айгүл Қосанованың тұңғышы Айшаны бүгін ұзатамыз. Екі жасқа бақыт нұрын тілейміз", - деп жазды Ақбота Керімбекова Instagram парақшасында.
Айта кетейік, кейінірек дәстүрлі әнші Айгүл Қосанованың өзі де Instagram желіcінде қыз ұзату тойында достары түсірген естелік видеоларда бөлісті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025115-dasturli-ansi-aigul-qosanova-tungys-qyzyn-uzatty-foto-video/