jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Не үшін беруім керек?": Ұланғасыр Қами әншілердің салық төлеуіне қарсы шықты

    Ұланғасыр Қами
    Ұланғасыр Қами. Фото: youtube/@elimaikz

    "Қызыл раушан" әнінің орындаушысы Ұланғасыр Қами әншілерге салық салынған жағдайда не істейтінін айтты. Бұл туралы БазарLike бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бағдарлама барысында жүргізуші: "Әншілер әрбір той мен концерттен түскен қаражатының он пайызын мемлекетке салық ретінде беріп отыруы керек болса, не істейсіз?", - деп сұраған болатын.

    Бұл сұраққа жас әнші тез жауап қатты.

    "Не үшін беруім керек? Өйткені, жаңағы ақша кімге кетеді? Бюджеттің ақшасы мемлекетке кетеді. Мені әнші қылып отырған мемлекет емес. Бұл дұрыс бастама емес. Әншілік деген жалпы бір мамандық немесе арнайы бір жұмыс та емес. Әнші болғым келді, қолдайтын жан табылды. Мемлекетке не үшін беруім керек?", - деді Ұланғасыр Қами.

    Бұған дейін әнші өзі туралы теріс пікір айтқан әншілердің қадірі кеткенін жеткізген еді.

    "Не үшін беруім керек?": Ұланғасыр Қами әншілердің салық төлеуіне қарсы шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.