"ҰБТ кезінде атым сыймай қалды": Бекзат-Саттархан есімін алған отандық сазгердің ұлы қызық оқиғасын бөлісті
Жарияланған күні:
Елге танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі балаларына ерекше есіп қойған. Бұл туралы "Таңшолпан" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Сазгер ұлдарына Шәмші-Қалдаяқ, Бекзат-Саттархан, Мұхтар-Шахан және Иманғали-Тасмағамбет есімдерін қойған.
"Ұлдарыма есімін берген адамдар - менің жаныма жақын адамдар. Шәмші Қалдаяқов менің рухани ұстазым, көзі тірісінде бірге жүрдік. Мұхтар Шаханов - ол да рухани ағам. Әлі күнге дейін араласамыз. Бекзат Саттарханов менің жиенім. Мақпал Жүнісова отбасылық досымыз. Заманбек Нұрқаділовпен інісі болып араластым. Иманғалидің атын әкім болған соң қойған емеспін. Ол үнемі шығармашылығыма қолдау көрсеткен азамат. Олардың есімін бергенім - балаларым да солай жақсы адам болып өссін дегенім", - дейді композитор.
"Шәмші десең, Қалдаяқов есіңе түседі. Шәмші деген ру да бар. "Бұл ру ма әлде Шәмші Қалдаяқов па?", - деген сұрақтар тумау үшін бірден осылай қойдым. Шәмші-Қалдаяқ, Мұхтар-Шахан. Болды. Екінші сұрақ қойылмайды. Бекзат деген тағы да атақты адамдар шығуы мүмкін. Мұхтар деген тіптен көп қазір. Сол үшін бірден Мұхтар-Шахан деп қойдым", - дейді Қалдыбек Құрманәлі.
"Иә, біздің достарымыз бен таныстарымызға талап бірдей. Бәрі бізді "Мұхтар-Шахан, Бекзат-Саттархан, Шәмші-Қалдаяқ, Иманғали-Тасмағамбет", - деп толықтай айтады. Көптеген жағдайлар болады. Университетте маған: "Бекзат", - дейді. Қарамай қойдым. "Бекзат, саған айтамын", - дейді. Отыра бердім. "Құрманәлі Бекзат", - деді. Сол кезде: "Апай, кешіріңіз. Менің атым - Бекзат-Саттархан. Солай атаңыз", - деймін. Куәлігімді көрсеттім. Арада уақыт өткен соң олар да үйреністі", - дейді Бекзат-Саттархан Құрманәлі.
Осы орайда, Бекзат-Саттархан басындағы қызықты оқиғаны бөлісті.
"ҰБТ тапсырған кезде түлектің аты-жөні жазылатын жерге 14 әріп сыяды екен. Ал менің аты-жөнім 15 әріптен тұрады. Сол кезде мен үшін арнайы парақ дайындатқан", - дейді ол.
Ал сазгердің кенже ұлы Иманғали-Тасмағамбеттің аты-жөні 20 әріптен тұрады екен.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025402-ubt-kezinde-atym-syimai-qaldy-bekzat-sattarxan-esimin-algan-otandyq-sazgerdin-uly-qyzyq-oqigasyn-bolisti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.