jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Ұялмаған әнші болады деген": "Келін шай" жайлы ән орындаған Тұрсынбек Қабатовтың әйелін көпшілік сынға алды (видео)

    Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов
    Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов. Фото: instagram/moldir.mt

    Отандық танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова "келін шай" жайлы ән жаздырып, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Әзілкештің жары видеоны Instagram желісінде бөліскен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Әулеттің барлық келіндері қаз-қатар тізіле қолдарына шәйнегін алып, меймандарымызға шай құйды. Кейін видеодан қарап отырсам, өте әдемі көрініс екен. Барынша әдемі болсын деп, "келін шай" әнін жаздырдым. Келген қонақтарымыз дән риза болып қайтты. Бағасын беретін өздеріңіз", - деп жазды Мөлдір Мұқанова парақшасында.

    Ал желі қолданушылары Мөлдір Мұқанованың ән айтқанына түрлі пікір білдірді.

    "Ұялмаған әнші болады деген", "Бұл да әнші болып кеткен бе?", "Сөзін анық айтпайды екен", "Болмайтын рәсім ғой, шығармайтындары жоқ", "Түсінген адам бар ма", "Билей берсін. Дұрыс, ұзатсын. Ұнамаса қарамаңыз".

    "Енді бәріміз келін шай құйдырып әлек боламыз", "Мөлдірдің қыз ұзатқаны дұрыс. Көпбалалы ана", "Қазақстанда жаңа тренд", - деп жазды желідегілер.

    "Ұялмаған әнші болады деген": "Келін шай" жайлы ән орындаған Тұрсынбек Қабатовтың әйелін көпшілік сынға алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.