Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өмірден өкінішпен кетті": Біржан Хасанғалиев әкесінің қол жетпеген жетістігі жайлы сөз қозғады

Жарияланған күні:

Біржан Хасанғалиев
Біржан Хасанғалиев. Фото: youtube/@elimaikz

Ескендір Хасанғалиевке "Қазақстанның еңбек ері" атағы берілген жоқ. Композитор көзі тірісінде бұл үшін біраз өкінген. Мұны сазгердің ұлы Біржан да растады, деп жазады БазарLike бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

"Негізі берілуі керек болған. Бұл атаққа бірнеше рет ұсынылды. Неге берілмегенін беретін адамдардан сұрау керек шығар. Әбден лайықты өнер тұлғасына берілмеді. Қай жағынан қарасаң да, осындай атаққа әбден лайық тұлға еді. Неге соны бермеді? "Неге ағамыз алмады?", - деп халық та сұрайды. Әбден лайықты ғой.

Ескендір Хасанғалиев бір жағынан ұлы композитор, екінші жағынан керемет қазақтың әншісі ғой. Алла Тағала екі өнерді бірдей берген. Кәсіби түрде берілген. Композиторлық өнерінен де, әншілік өнерінен де ең биік жетістіктерге жетті. 70, 75 , 80 жылдығында мемлекет тарапынан жоғары марапат берсе, лайықты емес деп ешкім айтпас еді. Керісінше, халық оған қуанар еді.

Өкінішті нәрсе... Шынын айту керек, әкем өмірден соған өкінішпен кетті. Өйткені соны бірнеше рет айтты маған. Ойлады, неше түрлі әңгімелері шықты іштей. Алған адамдардан қай жағым кем деп ойлады. Осыдан бір ай бұрын анам екеуміз президентке хат жаздық. Әлі жауап келген жоқ", - деді Біржан Хасанғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025572-omirden-okinispen-ketti-birzan-xasangaliev-akesinin-qol-zetpegen-zetistigi-zaily-soz-qozgady/