"Әйелімді көрсеткім келмейді": Рысбек Аташ 15 минутта сөз салған сүйікті жары туралы алғаш рет айтты
Жарияланған күні:
"Арай" тобының бұрынғы әншісі Рысбек Аташ әйелін эфирге шығарғысы келмейтінін айтты. Мұның өзіндік себептері бар, деп жазады "Жұлдызды шаңырақ" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Жарым екеуміздің бірдей шешіміз болды. Оның өзіндік себептері бар. Бұл да жасырын болып қала берсін. Жеке өмір жеке болып қалған жақсы. Әйелімнің мамандығы - экономист. Жезқазғанның арғы жағындағы Егінді деген ауылдың тумасы. Бұрын менімен "Арай" тобында ән айтқан Медет деген әншіні білесіздер. Соның нағашы қарындасы болып келеді. Әйеліммен Жезқазғанда таныстық. Әжесінің үйінде шай ішіп отырғанбыз. Сол кезде ол да болды. Біздікі қызық енді, 15 минут қана сөйлестік. Ол оқуға кетуі керек болды. Көргенде бірден ұсыныс тастадым. Ол кезде өзімізге қатты сеніп қалған адам едік. Сөз айттым, ол "иә" деді. Сөйтіп оқуына кетті. Мен Алматыға келдім де, алып қаштым. Қатты танымайтын адамым ғой", - дейді әнші.
Сондай-ақ Рысбек Аташ өзінің махаббат пен сезімге айтарлықтай сенбейтінін де жеткізді.
"Мен жар іздегенде әке-шешем разы болса деген ой болды. Сезімге қатты бой берген жоқпын. Мен өзім біреуге қатты жақсы көріп, ғашық болдым деп айта алмаймын. Өйткені, мұның бәрі жас кезде өтіп кетеді. Әке-шешемнің көңілінен шықса деп алдым ғой келіншегімді. Аллаға шүкір, уақыт өте келе жақсы көру де бар. Барлық жақсы қасиеттердің бәрі бар. Қатты болдым негізі. Адам өсе келе жұмсарады ғой. Соның бәріне төзді, шүкір", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2025900-aielimdi-korsetkim-kelmeidi-rysbek-atas-15-minutta-soz-salgan-suiikti-zary-turaly-algas-ret-aitty/