Аяғы ауыр Жанел Мақажанова үшінші сәбиінің жынысын көпке жария етті (видео)
Опубликовано:

Кеше отандық актер Абай Асылхан мен жұбайы Жанель Мақажанова ерекше стильде гендер-пати жасаған болатын. Ал бүгін Жанель Мақажан жақында дүние есігін ашатын сәбиінің жынысын көпшілікке бөлісті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Актриса Instagram желісінде видео бөлісіп, көпшілікке қызды болатынын көрсетті.
Видеодан қазақша стильде өткізілген гендер-патиді көруге болады. Екі қазақ батыры үлкен сандықты ортаға қояды. Осыдан кейін Жанель Мақажан мен жұбайы Абай Асылхан оның ішінен кішкентай сандықты алып шығады.
Видеодан кішкентай сандық ішінен қапшық шығады. Ал қапшықтың ішінен қыз баланың шашбауы жасырынған.
Шашбауды көрген актриса көз жасына ерік берді.
Айта кетейік, осыған дейін гендер-патиді көрген көпшілік, актрисаның болашақ сәби ұл болады деп болжаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026031-ayagy-auyr-zanel-maqazanova-usinsi-sabiinin-zynysyn-kopke-zariya-etti-video/