Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шешең қатты ауырып жатыр деді": танымал ақын Айтақын Бұлғақов анасын еске алып, көз жасына ерік берді

Опубликовано:

Айтақын Бұлғақов эфирде қонақта
Айтақын Бұлғақов. Фото: "Алғашқы" бағдарламасы

Әйгілі айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов марқұм анасымен қоштасқан кезін еске алды. Бұл туралы "Алғашқы" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бағдарлама барысында студияға ақынның анасы киген көйлек пен кәжеке және орамал әкелінді. Мұны көрген Айтақын Бұлғақов көз жасына ерік беріп, анасының ауырған кезі жайлы айтты.

"Шешем ауырып жатыр деген хабар келді маған. Алдында бардым үш-төрт күн. Елге барғым келіп тұрды. Барсам, шешем жатыр екен. Алдында бір ажалдан алып қалдым шешемді. Екі-үш жыл бұрын. Шешең қатты ауырып дегесін барсам, оң жаққа жатқызып қойыпты.

Айғайлап ұрсып, шаңын қағып, больницаға алып кеттім. Жоқшылық кез, тоқырау кез. Тамақ ішпей қалған ғой. Ауданды аяғынан тік тұрғызып, облысқа звондап... Шешемнің қасына бір жеті жатып өзім, тұрғызып алдым.

Екінші рет өзім бардым. Көкірегім сезді ма... Ауыл жаққа барсам, жатып қалыпты. Оның алдында қарындасымның үйінде он шақты күн жатып, "биылдан қалмаймын-ау" деп айтыпты. "Түс көрдім, терең шұңқырға түсіп, қайта шыға алмай қалдым", - деген.

Барсам, жатыр екен. "Ішім өтіп жатыр. Сен алаңдама, жұмысыңа бара бер", - деді. Бетінен сүйдім. Талдықорғанға келген соң хабар алдым", - деп көзіне жас алды ақын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026069-sesen-qatty-auyryp-zatyr-dedi-tanymal-aqyn-aitaqyn-bulgaqov-anasyn-eske-alyp-koz-zasyna-erik-berdi/