Сақал жабыстырып, парик тақты: Мейрамбек Бесбаев ерекше пранк жасады (видео)
Жарияланған күні:
Танымал әнші Мейрамбек Бесбаев Алматыда көпшілік жиі жиналатын жерде пранк жасап, елді таңғалдырды. Сақал жабыстырып, парик киіп, көзілдірік таққан әншінің видеосы желіге тарады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әншінің видеосын TikTok желісінде Ғани Мәтебаев есімді азамат жариялады.
Видеода Мейрамбек Бесбаевтың қарапайым адам ретінде киініп алып, бір жігіттен домбыра сұрап алады.
Содан соң әнші домбыра тартып, кейінірек жасанды шашы мен сақалын шешіп, халықпен естелік суретке түскен.
Ал желі қолданушылары Мейрамбек Бесбаевтың бұл әрекетіне риза болды.
"Әншілер халықпен осылай тығыз араласса, жақсы болар еді", "Нағыз әнші", "Ән айтқанда, халық бірден танитын еді", "Керемет", "Жарайсыз", - деп жазды желідегілер.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026412-saqal-zabystyryp-parik-taqty-meirambek-besbaev-erekse-prank-zasady-video/