Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз төрінде еркелей берсін": қызы жайлы айтқан Нұрлан Албан көзіне жас алды

Опубликовано:

Нұрлан Албан
Нұрлан Албан: YouTube/Menin omirim

Елімізге белгілі әнші Нұрлан Албан екі ұл мен бір қыз тәрбиелеп отыр. Өнер иесі "БазарLike" бағдарламасында кенже қызы жайлы айтып, көзіне жас алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің Құдай берген екі ұл, бір қызым бар. Ошақтың үш бұрышы сияқты үш түйір ғана өзі. Қызым менің барым. Қыздың шаңыраққа ерекше құт, қуаныш, береке алып келетінін мен қызымнан ғана білдім. Қызым болмағанда, мен қыздың қадірін түсінбей кетер ме едім? Сондықтан қазақта "қыз - кие, әулие" деп бекер айтпаса керек.

Сол киенің, әулиеліктің ұшқыны менің қызымда бар. Қызым ақылсыз емес. Қызым іштей "Әкем, еркелетсе екен" деп қалап тұрады. Мен оны жүрісінен, ісінен білемін. Тілегеннен сұраған дейді ғой. Мен де сол тетігін баса қоямын. Ол назданса, еркелесе, бірнәрсе өтінсе, бүкіл дүниені ұмыта қоям. Екі ағасынан кейін үйдің кішісі ғой. Сол қызға менің анамның ернінің табы тиген. Анам кейбір кезде жасына қарамай мені еркелететін. Сол анамның кейбір қылығын қызымнан табамын. Мен ауырып қалсам, жасына қарамай, мені еркелететін. Кішкентайында "Әкем менің аққуым" дейтін", - деді Нұрлан Албан.

Сонымен қатар әнші қызының биыл 12 жасқа толатынын, алайда әлі еркелігі қалмағанын атап өтті.

"Биыл 12-ге келеді. Ақыл кіріп қалды, қыз болып келе жатыр. Бірақ еркелегі қалатын емес. Лайым осы қыздың еркелігі таусылмасыншы. Өзі тұрмысқа шығатын кезде ақылы болса, еркелігін сап тыяды. Өз босағасында отырғанда, өз төрінде отырғанда еркелей берсінші. Құдай маған сол қызымды еркелететіндей күш-қуат беріп, ырыс-несібемді үзбесін деп тілеймін", - деді Нұрлан Албан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026527-oz-torinde-erkelei-bersin-qyzy-zaily-aitqan-nurlan-alban-kozine-zas-aldy/