"Ауырады, қиналады": Ерғали Әбдірайымов топ мүшесі Ердос Қанаевтың денсаулығы сыр бергенін мәлімдеді
Жарияланған күні:
"Жігіттер" тобының мүшесі Ердос Қанаев денсаулығына байланысты ұшаққа мінбейді. Бұл туралы топтың продюсері Ерғали Әбдірайымов БазарLike бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Денсаулығы сыр берді, иә. Қазір ол ұшаққа мінбейді. Ұшса, қан қысымы көтеріледі. Баласынан кейін сондай болып қалды. Одан бөлек, ковидпен ауырды. Қазір ол көбінесе пойызбен жүреді.
Тек шұғыл, шетелге шығатын жағдайлар болмаса, ұшаққа мінбейді. Моңғолияға, Түркияға бардық концертпен. Сол кезде мінді ұшаққа. Бірақ ауырады. Қан қысымы көтеріледі, басы ауырады. Қиналады.
Қазақстанның ішінде көбіне пойызбен жүреді", - деді Әбдіраймов.
Айта кетелік, бұған дейін "Жігіттер" квартетінің продюсері Бағлан Әбдірайымовтың құмар ойынға салынғаны топ жұмысына қалай әсер еткенін айтты.
Сондай-ақ Ерғали Әбдірайымов топ мүшелері Айдар Тұрғамбаев пен Мырзахан Махановтың отбасылық жағдайларына да тоқталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026758-auyrady-qinalady-ergali-abdiraiymov-top-musesi-erdos-qanaevtyn-densaulygy-syr-bergenin-malimdedi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.