Өмірқұл Айниязов әншіліктен бөлек қандай кәсіппен айналысатынын айтты
Опубликовано:

Отандық әнші Өмірқұл Айниязовтың әншіліктен бөлек қандай кәсіппен айналысатыны белгілі болды. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында мал бордақылау шаруашылығымен айналысатынын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Әлеуметтік желіге шығармашылығым, қызым және осы шаруашылығым жайлы жариялаймын. Өзім жылқыға бұрыннан қызығамын. Жалпы тауық, қаз, павлин, қоян сияқтыларға бұрыннан қызығамын. Бір ағаларымыз жер сыйлаған. Бұрыннан ойымнан жүрген нәрсені салдым.
Негізі шаруашылықтың жұмысы - мал бордақылау. Сол жерде ет сатамыз. Санаулы ғана жылқы ұстаймыз. Міну үшін арналған. Мінетін, сауатын 5-6 жылқымыз бар. Ал бордақыдағы жылқылар бірі келіп, бірі кетіп, айналымда тұрады. Жылқыларды базардан алып, екі-үш ай бағамыз", - деді Өмірқұл Айниязов.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Өмірқұл Айниязов ұлының тамыз айында шаңырақ көтеретінін айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026759-omirqul-ainiyazov-ansilikten-bolek-qandai-kasippen-ainalysatynyn-aitty/