"Үйлену керек болды": әнші Асан Пердешов 14 жас кіші әйелімен қалай танысқанын айтып берді
Опубликовано:

Отандық әнші Асан Пердешов осыдан бірнеше жыл бұрын екінші рет шаңырақ көтеріп, жас қыз алғаны үшін көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын. "Ұйқым келмейді" бағдарламасына келген әнші әйелімен қалай танысқанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әнші бағдарлама барысында бүгінгі таңда бір ұл, бір қызы барын айтты.
"Жалпы, әнші болып жүргенде қазіргі жұбайымды "Дауысы жақсы" деп алып келдім. Мен ол кезде ауыл-ауылды аралап, концерт беріп жүргем. Содан қыздың ата-анасынан "Осы қызға бір ән жазсаң" деген ұсыныс түсті. "Қос қанатым" деген ата-анасына арналған әнді орындап шықты.
Осылай өмір өте берді. Үйлену керек болды. "Аспаннан іздегенім, жанымда жүр екен" дегендей, отбасын құрдық. Отбасы құрған кезде "Осы кезге дейін ән айтып көрдің ғой енді. Бір үйге әнші, бір тойшы жетеді. Мен ән айтайын, сен микрофонды қоясың-ау" дедім.
Қазір Аллаға шүкір екі перзентіміз бар. Бір ұл, бір қызымыз бар. Алланың бергені, жақсы отбасымыз. Аллаға шүкір, бақыттымын. Ата-анам, бала-шағам, жұбайым бар", - деді Асан Пердешов.
Айта кетейік, осыған дейін бір сұхбатында әнші әйелінің 2000 жылғы екенін мәлім еткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2026776-uilenu-kerek-boldy-ansi-asan-perdesov-14-zas-kisi-aielimen-qalai-tanysqanyn-aityp-berdi/