"Аллаға шүкір": Ақбота Сейтмағамбет пен Дәурен Айдарқұлов бірге көзге түсті (фото)
Жарияланған күні:
Осыдан бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен актриса Ақбота Сейтмағамбет пен актер Дәурен Айдарқұловтың бірге түскен суреті желіге тарады. Олардың ортақ ұлы биыл бірінші сыныпқа қадам басқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ақбота Сейтмағамбет ұл-қызымен және бұрынғы күйеуі Дәурен Айдарқұловпен түскен суретін Instagram парақшасында бөлісті.
Актрисаның айтуынша, биыл ұлы бірінші сыныпқа қадам басқан.
"Папамызбен. Биыл ботақаным бірінші сыныпқа барды. Аллаға шүкір, бақытты анамын", - деп жазды Ақбота Сейтмағамбет.
Айта кетейік, Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет ажырасып кеткенін 2020 жылы көпшілікке мәлім еткен болатын. Бұл ақпаратты актер де, актриса да парақшасында растады.
"Соңғы күндері менің отбасылық жағдайыма алаңдаушылық танытып сұрап жатқан жүректеріңізден айналдым. Иә, Дәуренмен ара-қатынасымыз заңды түрде тоқтады! Ендігі жерде ешкімді кінәлап, біреуді даттаудың керегі жоқ шығар. Саналы түрде осындай шешімге келдім. Бір басыма жетерлік өмір сынақтарынан өтіп жатырмын, алда не күтіп тұрғаны да беймәлім. Айтарым, мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым, қалғаны тағдырдың жазғаны", - деп жазған болатын Ақбота Сейтмағамбет.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2034828-allaga-sukir-aqbota-seitmagambet-pen-dauren-aidarqulov-birge-kozge-tusti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.