Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрін жылатты": Медеу Арынбаевтың концертінде әншінің марқұм әйеліне арналған бейнемұрағат көрсетілді (видео)

Опубликовано:

Медеу Арынбаев сахнада
Медеу Арынбаев. Фото: youtube.com

Алматыда Медеу Арынбаевтың "Бәрі есімде" атты концерті өтуде. Ұйымдастырушылар әншіге айтпай, үлкен экраннан оның марқұм жұбайын көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы журналист Бауыржан Карипов Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Медеу аға бәрін жылатты

Концертте ұйымдастырушылар Медеудің марқұм әйеліне арнап жасаған жеке мұрағатынан видео көрсетті. Медеудің бұдан хабары жоқ әрине. Не деген махаббат десеңші!

25 жыл бұрын тойында болған достары, әріптестері - әншілер бүгін шығармашылық кешінде отыр. Махаббат жайлы әндері - бәрін әйеліне арнапты", - деп жазды журналист.

Айта кетелік, Медеу Арынбаев әйелінің қазасынан соң екінші рет үйленген жоқ. Бүгінде ол бір ұл, бір қызын жалғыз тәрбиелеп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2041617-barin-zylatty-medeu-arynbaevtyn-koncertinde-ansinin-marqum-aieline-arnalgan-beinemuragat-korsetildi-video/