Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Cерік Ибрагимов: Әке атанғаннан кейін көп нәрсе өзгерді

Жарияланған күні:

Серік Ибрагимов
Серік Ибрагимов. Фото: instagram.com/ibragimovserik

Серік Ибрагимовтың сахнада жүргеніне биыл он жыл толған. Сахнаға бойдақ жігіт болып шыққан әнші бүгінгі таңда бір қыз бен бір ұл тәрбиелеп отырғанын "Таңшолпан" бағдарламасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Он жыл бұрын бойдақ Серік едім. Қазір әке Серік болдым. Қазіргі уақытта бір қыз бен бір ұлдың әкесімін. Әке атанғаннан кейін көп нәрсе өзгереді ғой. Сырт көзге байқалуы керек. Ал өзіме өзгермеген сияқтымын. Жүрек жас дегендей, әлі шама келгенде кез келген нәрсені істеуге тырысып жатырмыз", - деді Серік Ибрагимов.

Сонымен қатар әнші өнерден бөлек спортпен айналысатынын жеткізді.

"Кішкентай кезімнен өнер мен күресті қатар алып жүрмін. Музыкаға тәрбиелеген ұстазымның сөзімен спортты тастап, өнерге кеттім. Шама келгенше спортқа қатысқым келеді. Көкпарға да, күреске де, боксқа да қатысып көрдім", - деді Серік Ибрагимов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043536-cerik-ibragimov-ake-atangannan-keiin-kop-narse-ozgerdi/