Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блогер Әден Марғұлан Парижде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады (фото, видео)

Жарияланған күні:

Әден Марғұлан сүйіктісімен
Әден Марғұлан сүйіктісімен. Фото: Instagram/aden_margulan

Отандық танымал блогер Әден Марғұлан махаббат қаласы аталып кеткен Парижде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасап, оның "иә" деген жауабын алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл қуанышты жаңалықты блогердің өзі Instagram желісінде бөліскен. Марғұлан парақшасында ұсыныс жасаған сәтінен фото мен видео жариялап, өз қуанышын жеткізді.

"Тағы бір арман орындалды. Бұрыннан танитындар Парижде ұсыныс жасағым келгенімді біледі. Сол күн келіп жетті. Осындай сәттің нәсіп еткеніне қатты шүкіршілік етемін. Осылай таныстырайын деп шештім. Барлығы жақсы болып, шешім қабылданғанда таныстырайын дедім. Негізі біраз болды сөйлесіп жүргенімізге", - деп жазды Әден Марғұлан.

Желі жұлдызының таңдауы Жансая есімді аруға түскен. Блогер албан руына күйеубала болмақ.

Бұл маңызды күні Марғұланның жанынан жақын достары табылып, өз қолдауын көрсеткен. Олардың арасында блогер Жансерік Қадырбаев пен әнші Мирас Жүгінісов те бар.

"Есімі - Жансая. Албанның қызы. Бұйыртса, Албандықтарға күйеубала боламыз. Сезімімді ашып көп нәрсе жазбайақ қояйын, ұялып тұрмын. Негізі камера артында біраз досым тұр. Парижде жүгіріп, ұйымдастырып, қолдап жүргендеріңе көп рахмет. Қазақстаннан Францияға келгендерің үшін алғысым шексіз. Жұғысты болсын, бойдақтар.Жазып жатқан тілектерің мен құттықтауларың үшін көп рахмет айтамын", - деп жазды блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043671-bloger-aden-margulan-parizde-suiiktisine-uilenuge-usynys-zasady-foto-video/