Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бізді қатты ұстады": әнші Жеңіс Ысқақова марқұм анасын еске алды

Жарияланған күні:

Жеңіс Ысқақова анасымен
Жеңіс Ысқақова анасымен. Фото: instagram.com/zhenisiskakova

Былтыр сәуір айында Жеңіс Ысқақованың анасы өмірден өткен болатын. Әнші Алматы арнасының "Отбасы альбомы" бағдарламасында марқұм анасын еске алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анам "Сен біздің кенжемізсің. Бірақ ертең өзің бір үйді ұстайтын әйел боласың. Сол кезде осының бәрін біліп жүруің керек" дейтін. Әкем қатты еркелеткенімен, анам бізді қатты ұстады. Алтыншы сыныпта нанды көміп пісірген адаммын. Әкем бірнәрсе жасап жатса, қарап жүретінмін. Анам "Істегенің - бізге пайда. Үйренгенің - өзіңе пайда" дейтін.

Анам қиналып жүрген адамдарға көп көмектесетін. Бала кезде таңертең ұйқыдан тұрсақ, үйде бөтен адамдар жүретін. Анамнан сұрасақ, "Жолаушы ғой өтіп бара жатқан" дейтін. Ауылда қонақ үй деген жоқ. "Жолаушы едім" десе, біздің аяқ жағымызға төсек салып бере салады екен. Соған тамағын беріп, төсегін салып, ертесіне шығарып салатын", - деді әнші.

Сонымен қатар өнер иесі анасының 90 жасқа келіп, өмірден өткенін айтты.

"Анам 90-ға келді ғой. Өмірден көп сауап алған шығар деп ойлаймын. Менде де сондай мінез бар", - деді Жеңіс Ысқақова.

Еске сала кетейік, былтыр сәуірде Жеңіс Ысқақованың анасы өмірден өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2055989-bizdi-qatty-ustady-ansi-zenis-ysqaqova-marqum-anasyn-eske-aldy/