Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Актриса Мерьем Узерли қызыл кілемге қазақстандық брендтің көйлегін киіп шықты

Опубликовано:

Мерьем Узерли
Мерьем Узерли. Фото: instagram.com/meryemuzerlimeryem

"Ғаламат ғасыр" түрік сериалының жұлдызы Мерьем Узерли Канн фестивалінде өткен үлкен кешке қатысты. Өнер иесі қызыл кілемге қазақстандық брендтің көйлегін киіп шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Хюррем-сұлтан" рөлімен қалың көпшілікке танылған Мерьем Узерли Канн фестивалінде түскен суретін Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Актриса аса маңызды шараға қазақстандық брендтің киімін таңдаған.

"Гала кештің арнайы қонағы ретіндле шақырғандарыңызға алғыс айтамын. Бұл шара 53 елде көрсетіліп, әйелдер құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейтуге қолдау білдіруге арналған", - деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары Мерьем Узерлидің образына тәнті болып, жылы лебізін белдірген.

"Мерьем күннен күнге сұлу болып барасың. Оның сыры неде?", "Патшайым", "Мына көйлек сондай жарасымды. Сіз үшін тігілгендей", "Сұлулығында шек жоқ", "Нағыз сұлулық символы", "Өте әдемі Хюррем-сұлтан", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2102198-aktrisa-merem-uzerli-qyzyl-kilemge-qazaqstandyq-brendting-koilegin-kiip-shyqty/